"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

 

'Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

'"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері - Тегін.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі:

  • көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 12-30-ден 14-00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін.

'Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 12-30-ден 14-00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады

'2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.​gov.​kz интернет-ресурсында;
  • көрсетілетін қызметті берушінің www.​gov.​kz интернет-ресурсында;
  • порталда орналастырылған.

'Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш;

2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға мыналарды ұсынады:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға арналған өтініш;

2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

Толық ақпаратты Рахат ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар.

Мекен – жайымыз: Кайназар ауылы, Сайдалым қажы көшесі № 9«В»
Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72775) 37-2-17

«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

 

Дата публикации
30 июля 2025