«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің
2023 жылы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы
АНЫҚТАМА
Қайназар ауылы 14.06. 2024 жыл
Кіріспе бөлім
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өз қызметінде «Сыбалайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2023 жылдың 24 қантардағы № 5 өкімі негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауға 2023 жылы кезеңі қамтылды.
Аппарат өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүргізеді. Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау үлгілік қағидаларына» сәйкес келесі бағыттары бойынша ішкі талдау жүргізілді:
Кадрлар ауысымы бағыты бойынша:
Штаттық кестеге сәйкес 2023 жылдың 1 қантар бойынша аппараттағы жалпы мемлекеттік қызметшілер саны 15 бірлікті, 2023 жылғы қыркүйектен бастап 14 бірлікті құрады. Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Талданып отырған кезеңде мүдделер қақтығысы, қызметкерлерді жұмыстан босату, лауазымын төмендету, командалық орын ауыстыру фактілері анықталған жоқ. Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын
адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес
функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтікемес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жолбермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының біргеқызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Сондай-ақ Заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда белгілейді.
Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға(лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
Талдау кезінде жақын туыстарының округ әкімімен бірге жұмыс істеу фактілері жоқ екенін көрсетті, қызметтік және өзге де ақпаратты қызметкерлер заңға сәйкес пайдаланады, қызметтік өкілеттілікті орындау барысында қызметкерлер сыйлықтар қабылдамайды. Декларация уақытылы тапсырылған. Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ішкі талдау кезінде, жоғарыда көрсетілген заңнамалардың талаптарын бұзу орын алған жоқ.
Тұрақты негізде әкім аппаратының барлық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормаларын мүлтіксіз сақтау туралы айтылған.
Әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру кезеңділігін сақтау туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері үш жылда бір реттен кем емес біліктілігін арттырудан өтеді деп көзделген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бағыты бойынша:
Ағымдағы кезеңде аппараттағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің жалпы саны – 2251.
Сондай-ақ, әкім аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметттердің сапасын ішкі бақылау жағдайы бойынша мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді бақылау Қағидасына сәйкес ай сайын мониторинг жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытында көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай бір кемсітушілікке, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол беру болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі үнемі жетілдірілуде.
Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен стендтер, мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі тізілім және сенім телефоны бар, сондай-ақ сервистік әкімдіктің жобасын іске асыру мақсатында халыққа мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға ұсыну үшін "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" құрылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін "кедергісіз орта" құру мақсатында округ ғимаратында тактильді жол, есту қабілеті нашар адамдарға сондай-ақ мүгедектер арбасына таңылған адамдарға арналған шұғыл эвакуациялау жолдарын белгілеу бар Әкім аппараты ғимаратының алдында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тұрақ орнатылған.
2023 жылдың қорытындысы бойынша азаматтардың мемлекеттік қызметтерге шағымдары мен мерзімдері бұзылған жоқ.
Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде белгіленген талаптардың, қарау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Талдау барысында ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қарау бойынша 6 маусым 2023 жылы Рахат ауылдық округі әкімінің орынбасары Р. Қыдырғожаев өз жұмысына немқұрайлы қарағаны үшін «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
КОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
«Рахат ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсыныстар:
Жұмыс тобы мүшелері:
Ауылдық округі әкімінің
орынбасарының м.а.: А.Идрисова
Ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы М.Құлашбаева
Ауылдық округі әкімі аппаратының
жетекші маманы Р.Ибдиминова
Таныстырылды:
Рахат ауылдық округі әкімінің м.а. Р.Кыдыргожаев