«Рахат ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Рахат ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

 

"Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің негізгі бағыттары:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
  • Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсыну;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарауға және оларды заңнамада белгіленген мерзімдерде қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
  • көрсетілетін қызметті алушылардың сұрауы бойынша мемлекеттік қызметті орындау сатысы туралы хабардар ету;
  • көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау;

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: "Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, пошталық мекенжайы: 040429, Қайназар ауылы, Сайдалым Қажы көшесі №9-В, Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты 2023 жылдың қыркүйек айына дейін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 6 (алты) түрін көрсетті:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  4. Жер учаскесін алуға кезекке қою;
  5. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
  6. Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту - 10.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты, мемлекеттік қызметтердің 4 (төрт) түрін көрсетті:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 15;
  2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу -17;
  3. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
  4. Жер учаскесін алуға кезекке қою - 215;

Есепті кезең ішінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерге шағымдар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылықтар болған жоқ. Есепті жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтар болған жоқ.

Округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараты бар стенд ілінді, сондай-ақ бірінші қабатта орналасқан кабинетте мемлекеттік қызметтерді алу үшін "электрондық үкімет" порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті ұйымдастыру техникасымен жарақтандырылған "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" орнатылды. Әкімдікте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шақыру түймесі және тұрақ, диспенсер, нашар көретін адамдарға арналған Брайль шрифті бар.

Округте мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәртібі туралы оқыту бейнероликтерін көрсету және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді алуға құқықтары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы брошюралар тарату арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2023 жылдың кезеңінде "Еңбекшіқазақ" газетінде және аудан әкімінің веб-сайтында халыққа мемлекеттік қызметтерді алудың және Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылықтарын түсіндіру бойынша 4 мақала орналастырылды.

"Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мамандары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 24 түсіндіру іс - шараларын өткізді.

                 

 

Округ әкімі                                 Қ.Богусбаев

 

                          Бас маман                                      Ж.Әлімжан

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 мая 2024