Жергілікті қоғамдастық жиындары мен жергілікті қоғамдастық жиналыстары
Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
1) жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін және оларды іске асыру мерзімдерін айқындау;
2) төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысының жиырма бес адамға дейінгі мөлшердегі құрамын айқындау;
3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарына, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;
4-1) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау және талқылау;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;
6) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.
1) бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
1-1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
1-2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
4-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
4-2) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беру;
4-3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда одан әрі ұсыну үшін келісу;
4-4) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
4-5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
5) жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың жиналыстың мүшелері жиналысқа шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдер арқылы хабардар етіледі. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңының 39-3-баптың 3-тармағының Заңы 4-3) тармақтарда көзделген жағдайды қоспағанда, оған сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жергілікті қоғамдастық жиналысын шақыру уақыты мен орны туралы оны өткізу күніне дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей хабардар етіледі.
Жиналыстың қарауына енгізілген мәселелер бойынша ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыс шақырылғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыс мүшелеріне және ауылдық округ әкіміне қажетті материалдарды жазбаша немесе электрондық құжат түрінде ұсынады.
Жиналысты ауылдық округ әкімі дербес немесе жиналыс мүшелерінің он пайызынан азының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақыруы мүмкін.
Округті дамыту бойынша су құбырларын жөндеу, жарықтандыру мәселесі абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары және спорттық стадиондар мен балаларға арналған ойын алаңдарын салу туралы, тағы басқа округке қарасты маңызды мәселелер туралы ұсыныстар жасау.