ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қауымдастықтың жиналысының  хаттамасымен бекітілген

№ 2

« 04 » наурыз 2024 жыл

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

РАХАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ

2024-2026 ЖЫЛДАР

Дайындаушы: «Рахат ауылдық округінің  әкімі аппараты» ММ

ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Бағдарлама атауы

2024-2026 жылдарға арналған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округінің даму бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер

-Рахат ауылдық округі 1933 жылы құрылған;

- Адам саны - 2024 жылдың 1 қаңтарына 31975 адамды құрайды;

-Ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдар саны – 4, олар: Қайназар ауылы (округ орталығы), Рахат ауылы, Өрікті ауылы, Азат ауылы;

- Ауылдық округтің жер көлемі -14030 га-ны құрайды;

-Жергілікті қауымдастықтың құрылған күні 2014 жылдың 22 шілдесі. Оның сайланған уақыты – 5 жыл;

- Жергілікті қауымдастықтың мүшелерінің саны – 16.

 

  1. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДЫҢ АНАЛИЗІ

2.1 Рахат ауылдық окургінің дамуы

2024-2026 жылдарға арналған Рахат ауылдық округінің жергілікті қауымдастықты дамыту бағдарламасы ауыл тұрғындарына және округ маңында орналасқан елді мекендерге қолайлы  жағдай жасауы үшін қарастырылған.

2024 жылдың 1 қаңтарындағы адам саны - 31975 адамды құрайды.

Ауылдық округ бойынша 104 –ЖШС, 682- ШҚ, 4- өндірістік кооператив және 818- ЖК тіркелген.

Бағбаншылық, егіншілік, өсімдік шаруашылығы  және де мал шаруашылығы Шаруа қожалықтарының басты бағыты болып табылады.

Өндірістік өнеркәсібі

Барлығы 4  өндірістік өнеркәсібі бар. Ауылдық округтің өндірістік өнеркәсіптері даму үстінде, бірақ қазіргі уақытта ауыл шаруашылық саласы экономиканың басымырақ саласы болып саналады.  Округіміздің  аумағындағы үлкен кәсіпорын жұмыс жасайды. Ол Өрікті ауылындағы ЖШС «Дионис» - вино мен коньяк өндірісімен айналысады. Ол 47 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Округіміздің территориясында өндірістік өнеркәсіптен бөлек құрылыс материалдарын да шығаратын өндірістік орындар да бар. Мысалға ЖШС «КазСтрой», ЖШС «Интелект Сервис».  Барлық жұмыс жасайтын адам саны 500 адам.  Шығаратын өнімдерін (құрылыс материалдары) жергілікті құрылыс компаниялары мен басқа аудандарға да  экспортқа шығарылады.

Ауыл шаруашылығы

Округтің жалпы аумағы 9631 га–ны құрайды. Оның 1285 га ауылдардың орналасқан жері, 8346 га ауыл шаруашылығына арналған жер көлемі. Ауыл шаруашылығына  арналған жердің құрамына: 3456 га егіндік ,  580 га шабындық және 4211 га жайылым жерлер.

Ауылдық округ аумағында ауыл шарушалақ саласын дамыту мақсатында 173 ауыл шаруашалақ техникасы тіркелген. Оның  31 трактор және 142-сы басқа да өзі жүретін ауылы шаруашылық және жол-құрылыс  машиналары.

 Ауылдық округ аумағында бақтар саны көбеюде және теплица шаруашалқтары дамуда. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бақтар көлемі 304 га-ды құрады.

Алма бақтарының көбеюі округіміздің  экономикалық дамуына  үлкен үлес қосады. Жаңа жұмыс орындары құрылады, сонымен қатар округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады.

Округте бақтардан басқа дәнді – дақылдар, көкөністер және көпжылдық шөптер өсіру дамуда.Округ бойынша өсімдік шарушылығымен айналысатын адам саны 1200. Көп тараған дәнді-дақылдардың түрлері: кукуруз, соя, қартоп тұқымдары, көкеністер болып табылады.

Теплица шарушылықтарын дамыту округіміздің басты міндеттердің бірі.  Округ аумағында жеке кәсіпкер « Скаков» теплицасы 1,2 га жұмыс атқаруда.

Сонымен қатар,  өздерінің қосалқы шарушылығы бар ұсақ теплицалар да құрылады.

 Мал шарушылығын дамыту үшін, округте жайылым жерлер де аз емес, 

2024 жылдың 1 қаңтарында мал саны: ірі қара мал - 4346 бас, ұсақ-түйек малдар саны  14748 бас, аттар -659, құстар  барлық түрі -8000 бас. 

Кіші және орта бизнес

Ауылдық округ аумағында кіші және орта өндіріс орындары 791 бірлікті құрайды, оның ішінде 18 –ЖШС, 561 – шаруа қожалығы, 3- өндірістік кооператив және 209 жеке кәсіпкерлер 122 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның ішінде: 43 сауда орындары (90 адамды жұмыспен қамтып отыр), 7 тұрмыстық қызмет атқарады (олар 15 адамды жұмыспен қамтып отыр), сонымен қатар 3 тамақтану саласында (17 адамды жұмыспен қамтып отыр).

Рахат ауылдық округі Алматы-Талгар-Маловодное облыстық жол бойында орналасқан, бұл жол арқылы Түргень шатқалы және Ассы жайлауы сияқты туристік орындарға баруға болады, соның арқасында жол бойындағы  қызмет көрсетудің дамуына ықпал етеді. Қызмет көрсету мен сауда  саласының дамуына байланысты салық түсімі көбейеді және жаңа жұмыс орындары құрылады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестен түскен салық түсімдері  40 миллион теңгеден асты.

Бюджет

2023 жылға бюджет жеке кіріс жоспарын округіміз 113% - ға орындады,  132 млн. жоспарда болса 166  млн. теңге тусті.                     

Оның ішінде 3  миллион 211  мың теңге мүлік салығы,   1  миллин    302  мың теңге  жер салығы,   93   миллин 342 мың тенге көлік салығы және   34  миллион   500  мың теңге  жеке табыс салығы. 

Шығындар үшін 2023 жылға игерілгені 100 %.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2023 жылы экономикалық белсенді халық саны 15097 адамды құрады. Жұмыспен қамтылған халық саны 14402 адамды құрады, оның ішінде өзін - өзі жұмыспен қамтығандар - 4219 адам, оның ішінде жалданып өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-10182 мың адам.

2023 жылы жұмыссыздар саны 694 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі-4,2 пайызды құрады.

2023 жылға округ бойынша АӘК 347 кедейлік шегінен төмен отбасына  тағайындалды.  Жалпы сомасы 182 млн. 248 мың 461 теңгеге.

Округімізде 573 мүгедек және 1986 зейнеткер тұрады.

Үйде оқитын және мүгедек 21 бала көлемінде 1 443 040 мың теңгеге әлеуметтік көмек тағайындалды.

2024 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет  бойынша ауылдық округтің жалпы халық саны 31975 адамды құрады. Оның ішінде: Қайназар ауылында – 4835 адам, Рахат ауылында – 2764 адам, Азат ауылында – 3520 адам, Өрікті ауылында – 20856 адам.

Халықтың жалпы санынан 51,2,9 % немесе 16398 ер адамдар, ал 48,7 %  15577 әйел адамдар болып табылады.

           2024 жылы экономикалық белсенді халықтың жалпы саны 15097 адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар - 14402 адам, өзін - өзі жұмыспен қамтығандар - 4219 адам, жұмыссыздар-694 адам.

          Ауылдық округтегі халқының саны Өрікті ауылына іргелес жатқан саяжай есебінен көбейеді. Саяжай Есік қаласынан төмен орналасқан, бірақ Рахат ауылдық округінің құрамына кіреді. Саяжайдың көпшілігі көрші республикалардан келген оралмандар болып табылады.  Саяжайда халық  санының артуы есебінен мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер және т.б. құрылыстар салынуын қажет етеді.

         Ауылдық округ басшылығы ауданның Мансап орталығымен бірлесіп жұмыссыз тұрғындарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Суды бұру және сумен жабдықтау саласы

Ауылдық округтегі су желілерінің жалпы ұзындығы 76.5  км. Ортақтандырылған. Су жүйесінің тозуы 60 % құрайды. Ауыз сумен қамтапмасыз ету 100%.  2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Азат ауылының сумен желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2019 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Өрікті және Рахат ауылдарындағы сумен желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жөндеу жұмымтарын жүргізу халықты сапалы ауыз сумен қамтамассыз ету мәселесін толығымен шеше алмайды. Сумен жабдықтаудың жаңа жүйесін қайта құру және салу қажет.

   Электр қуатымен және жылумен жабдықтау саласы

Ауылдық округтегі электр желілерінің жалпы ұзындығы  139,76 км. Электр желісінің тозуы  74% - дан асады. КТП/ТП 52 бірлігі бар. Тұрғындарды электр қуатымен қамтамассыз етуде ешқандай үзілістер жоқ. Электр желілерін жөндеу және ауыстыру қажет. Қайназар ауылының Ушурбакиева көшесінде қосалқы  электр станциясы құрылып, жұмыс атқаруда. Округті электр қуатымен қамтамасыз етудің  сапасын арттыру, ауыртпалықты азайту үшін құрылған станция.

Барлық ауылдарда пошта бөлімщелері бар. Тұрақтандырылған.

2021 жылдан бері ауылдық округтің Азат ауылында 58 %  және Қайназар ауылында 51,3 %  үйлерге газ қосылды және ауыл тұрғындарынан  жаңадан түскен сұраныстар бойынша жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, Рахат және Өрікті ауылдарына газ магистралын  тарту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бұл экономикалық өсуге, тұрғындарының тұрмыстық жағдайдарының, сонымен қатар экологиялық жағдайды жақсартуына  әкеледі.

 Көлік және байланыс саласы

Ауылдық округ ішіндегі жолдарының ұзындығы 54,842 км құрайды, оның ішінде қатты жамылғысы бар 36,573 км. Жол жағдайы төмендегідей: 29,975 км немесе  54,6% жақсы жағдайда, 13,448 км немесе 24,5%  қанағаттанарлық жағдайда және   11,429  немесе    20,8% қанағаттанарлықсыз. Ауылдық округтің жолдарын жөндеудің барлық түрлері қажет.

Білім беру саласы

Округте алты мектеп жұмыс істейді, оның алтауы да типтік.

  1. Азат орталау мектебі 1961 жылы салынған. Типтік ғимарат, Жобаланған сиымдылығы 140 оқушыға арналған. Жылыту түрі - сұйық отын. 1-9  сыныптарда барлығы 416 оқушы оқиды. Мектепке дейінгі жастағы балалар саны -697.
  2. №1 Азат орта мектебі  2016 салынған, типтік ғимарат, жобалық сиымдылығы 300  орын. Жылыту түрі  - сұйық отын. 1-9 сыныптарда барлығы 437  оқушы.
  3. Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі, 1977 жылы салынған, ғимараттың жобалық сиымдылығы  420  оқушы. Жылыту түрі - сұйық отын, 1-11 сынып, барлығы   898 оқушы. Мектепке дейінгі балалар саны - 
  4. Рахат орта мектебі 2010 жылы салынған. Типтік ғимарат, жобалық сиымдылығы 300 орын. Жылыту түрі - сұйық отын. 1-11 сыныптар барлығы   651 оқушы. Мектеп жасына дейінгі балалар саны – 376.
  5. Б. Майлин атындағы орта мектеп 2018 жылы салынды, ғимарат типтік, жобалық сиымдылығы 300 орынға арналған. Жылыту түрі – сұйық отын. 1-11 сыныпқа дейін 800 оқушы оқиды. Мектепке дейінгі балалар саны – 202.
  6. Рахат №1 орта мектебі 2017 жылы салынған. Типтік ғимарат, жобалық сиымдылығы 600 орынға арналған. Жылыту түрі – сұйық отын. 1-11 сыныпқа дейін 1786 оқушы оқиды. Мектеп жасына дейінгі балалар саны –2751.

Округ бойынша оқушылар саны 4988 оқушыны құрайды.

6 мектепте 10 интерактивті тақта, 5 мультимедейный кабинет бар. Мектептер жаңа модификациялық кабинеттермен қамдалған: химия -3. Физика-3, биология -6 кабинеті бар. Бүгінгі күні барлық мектептер интернет желісіне қосылған, компьютер 10 оқушыға 1 компьютерден келеді.

Азат ауылында 2 га жер қарастырылып, 600 орындық мектеп құрылысы салыну жоспарлануда және Қайназар ауылында 3 га жерге 900 орындық мектеп құрылысы салыну жоспарлануда.

Мемлекеттік 1 балабақша жұмыс жасайды. «Әдемі» балабақшасы 100 орынға арналған. 1964 жылы құрылып, 80 баланы қамтыған.

Жеке меншік бала бақша саны – 11, 865 баланы қамптиды.

Округ бойынша 3-6 жастағы балалар саны 3085, олардың барлығы 100% мектепке дейін тәрбиемен қамытлған. Ауылдық округ бойынша балаар саны 10127 мың. Мектепке дейінгі жастағы балалар саны 4814.

Балабақша ғимараттары мемлекеттік стандартқа сай, капиталдық ремонтты қажет етпейді.

Денсаулық сақтау саласы

Округ бойынша 4 дәрігерлік амбулатрия жұмыс жасайды.

  1. Азат ауылының дәрігерлік амбулаториясы 2012 жылы салынған. Типтік, 3 дірігер, 10 мед. қызметкелер жұмыс жасайды.
  2. Қайназар ауылының дәрігерлік амбулаториясы 1989 жылы салынған. 2 дірігер, 12 мед. қызметкелер  жұмыс жасайды. 2023 жылы капиталдық  ремонт жасалды.
  3. Рахат ауылының дәрігерлік амбулаториясы 1960 жылы салынған. 1 дірігер, 5  мед. қызметкелер  жұмыс жасайды.
  4. Өрікті ауылының дәрігерлік амбулаториясы 1960 жылы салынған. 2 дірігер, 10 мед. қызметкелер  жұмыс жасайды. 2004 жылы капиталдық  ремонт жасалған.

2023 жылы 643 бала туылып, 245 адам қайтыс болған.

Қайназар ауылының ДА басқа, дәрігерлік амбулатория ғимартаттары ескірген, қазіргі  деңгейдегі медициналық қызмет көрсетуге жарамайды. Жаңа құрылыс және капитальный ремонтты қажет етеді.

 

 

Мәдениет пен спорт саласы

Ауылдық округіміздің Қайназар ауылында 1 Мәдениет үйі бар.  (2015 жылы капиталды ремонттан өткізілген.) және жалпы білім беру мекемелерінде орналасқан   7 спортзалдар бар. Жастарды салауатты өмір салтына баулу және мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу  үшін жаңа спорт ғимараттары мен мәдениет үйлерін  салу керек, сонымен қатар спонсорлар тарту мәселелері қарастырылу қажет.

Жыл сайын дене шынықтыру мен спортпен айналысатын адам саны көбеюде.  Округ бойынша дене шынықтыру мен спортпен айналысатын адам саны 4582 немесе 31,0%.

 

     Қиындық тудыратын сұрақтар мен тәуекел

 

  • Қайназар ауылының электр желілерінің жалпы ұзындығы 36 км құрайды. Оның көп бөлігі тозып кеткен, ауыстыруды қажет етеді. Оған жобалық сметалық құжаттама жасап, қаражат қарастыру қажет.
  • Қайназар ауылының су желілерінің ұзындығы 26 км. Ескіргені - 70-80% құрайды. Қосымша судың сапасы нашар болғандықтан су тазартқыш құрылғыларын қоюды қажет етеді. Жобалық сметалық құжаттама жасап қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
  • Қайназар ауылының ауыл ішіндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы -22,08 км. Көше шамдарының тозған жерлерін жөндеу, жаңарту жұмыстарын қажет етеді.
  • Рахат ауылы дәрігерлік амбулаториясының (бейімделген ғимарат)  құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаражат қарастыру қажет.

     -  Рахат ауылындағы су желілерінің жалпы ұзындығы 13,2 км құрайды. құрығаны  70-80% -дан асады. су желілерін қайта құру және салуды қажет етеді; 

   -     Рахат кентінің ауылішілік жолдарының жалпы ұзындығы 11,85 км құрайды, су жүргізу жұмыстарынан кейін жолдарды қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу, арық жолдарын қайта  жасау  үшін қаражат қарастыру.  

  -     Өрікті ауылында (бейімделген ғимарат) ДА құрылысын қайта салуды қажет етеді, қаражат қарастыру;    -     Өріктідегі сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы - 16,3 км. Тозғаны  70-80% -дан асады. Қосымша судың сапасы нашар болғандықтан су тазартқыш құрылғыларын қоюды қажет етеді. Сумен желілерін жабдықтауды қайта құру және күрделі жөндеуді қажет етеді, қаражат қарастыру;    

 -  Өрікті ауылындағы ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы 17,48 км құрайды, 70 %  жөндеу жұмыстарын қажет етеді.     

-     Азат ауылында  су желілерінің ұзындығы 21 км. Тозғаны  70% -дан асады. Су желілерін қайта құру және күрделі жөндеуден өткізу қажет; Қосымша судың сапасы нашар болғандықтан су тазартқыш құрылғыларын қоюды қажет етеді.

- Азат ауылының ауылішілік жолдарының жалпы ұзындығы 16,04 км құрайды, 60 % жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

- Ауылдық округке қарасты барлық ауылдарды газбен қамту жұмыстарын толығымен жалғастыру.

-Азат ауылында 350 орындық мектеп құрылысы салыну жоспарлануда

-Қайназар ауылында 900 орындық жаңа мектеп құрылысы салыну жоспарлануда.

- Рахат ауылдына қарасты саяжайларда 2 мектеп құрылысы салынып жатыр.

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА  ЖОСПАРЫ

РАХАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

2024-2026 жылдар 

№

Іс-шара атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі

(мың. тенге)

Қаржыландыру көзі

Аяқтау мерзімі

1

2

3

4

5

6

I. Денсаулық сақтау саласы

1.1

Рахат ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылысын бастау

 

-

 

Қаражат қажет етеді

 

-

 

2024-2025 жыл

1.2

Өрікті ауылының дәрігерлік амбулаториясының құрылысын бастау

 

-

 

Қаражат қажет етеді

 

-

 

2024-2025 жыл

II.  Мәдениет, спорт жіне туризм саласы

2.1

Жалпы мәдени, спорттық және туристтік іс-шаралар өткізу

-

Қажет     етпейді

-

Жыл сайын

III. Көлік пен байланыс саласы

3.1

Рахат  ауылының  ішкі жолдарын жөндеу

Атқарылған жұмыстардың актісі

Қаражат қажет етеді

ЖБ

2024 жыл

IV . Басқалары

4.1

Ауыл шаруашалағында КОБ –ның дамуына үлес қосу

-

Қажет емес

-

Жыл сайын

4.2

Рахат ауылдық округінің Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің капиталды құрылыс жұмыстары

Атқарылған жұмыстардың актісі

Қаражат қажет етеді

ЖБ

2024-2026 жыл

4.3

Рахат  ауылдық округінің көшелерді жарықтандыру

Атқарылған жұмыстардың актісі

Қаражат қажет етеді

ЖБ

2024 -2026 жыл

4.4

Округ аумақтарында спорт алаңдары мен балаларға арналған ойын алаңдарын салу

Атқарылған жұмыстардың актісі

Қаражат қажет етеді

 

2024 -2025 жыл

4.5

Азат ауылында 350 орындық жаңа мектеп құрылысын бастау

Атқарылған жұмыстардың актісі

Қаражат қажет етеді

 

2024-2026 жыл

4.6

Қайназар ауылында 900 орындық жаңа мектеп құрылысын бастау

Атқарылған жұмыстардың актісі

Қаражат қажет етеді

 

2024-2026 жыл

 Ескерту: Жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуына «Рахат ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ жауап береді.

 

Рахат ауылдық округінің әкімі                        Қ. Богусбаев             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жергілікті қауымдастық бағдарламасы
Дата публикации
05 марта 2024