«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің
2022 жылға бойынша сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы
АНЫҚТАМА
Қайназар ауылы 01.11.2023 жыл
Кіріспе бөлім
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өз қызметінде «Сыбалайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2023 жылдың 24 қантардағы № 5 қкімі негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдауға 2022 жылдың кезеңі қамтылды.
Аппарат өз қызметін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы№ 13 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүргізеді. Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау үлгілік қағидаларына» сәйкес келесі бағттары бойынша ішкі талдау жүргізілді:
Кадрлар ауысымы бағыты бойынша:
Штаттық кестеге сәйкес 2022 жылы бойынша аппараттағы жалпы мемлекеттік қызметшілер саны 15 бірлікті құрайды. Барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Талданып отырған кезеңде мүдделер қақтығысы, қызметкерлерді жұмыстан босату, лауазымын төмендету, командалық орын ауыстыру фактілері анықталған жоқ. Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың,
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жолбермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;
3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
4)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттік терін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
Сондай-ақ Заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға келісімін тиісті ұйымдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда белгілейді.
Заңның 12-бабының 4-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға(лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
Талдау кезінде жақын туыстарының округ әкімімен бірге жұмыс істеу фактілері жоқ екенін көрсетті, қызметтік және өзге де ақпаратты қызметкерлер заңға сәйкес пайдаланады, қызметтік өкілеттілікті орындау барысында қызметкерлер сыйлықтар қабылдамайды. Декларация уақытылы тапсырылған. Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ішкі талдау кезінде, жоғарыда көрсетілген заңнамалардың талаптарын бұзу орын алған жоқ.
Тұрақты негізде әкім аппаратының барлық қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормаларын мүлтіксіз сақтау туралы айтылған.
Әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру кезеңділігін сақтау туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері үш жылда бір реттен кем емес біліктілігін арттырудан өтеді деп көзделген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бағыты бойынша:
2022 жылы Рахат ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 4103 өтініш қабылданып қаралды оның ішінде:
Әкім аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жағдайы бойынша мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді қағидасына сәйкес ай сайын мониторинг жүргізіледі.
«Еңбекшіқазақ» газетінің № 8 от 18.02.2022 жылы, № 46. 04.11.2022 жылы «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», № 16 от 15.04.2022 ж. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», № 22 27.05.2022ж. «Сауда-саттықты (конкурстарды, ауыкциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», № 28 08.07.2022ж. «Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру», № 34 19.08.2022ж «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» сондай-ақ instagram, facebook әлеуметтік желілерде мемлекеттік көрсетілетін қызметі мақалалары жарияланды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету уақытында көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушілікке, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік пен созбұйдалық көріністеріне жол беру болған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық, мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі үнемі жетілдірілуде.
Округ тұрғындарын ақпараттандыру және қамту мақсатында әкім аппаратымен ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру шаралары өткізіледі instagram, facebook әлеуметтік желілерінде «нақты уақыт режиміндегі электрондық қызметтер» тақырыбындағы ақциялар жарияланған, әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілері үшін ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мамандарының қатысуымен 2 семинар және 1 дөңгелек үстел өткізілді. «Өзіне-өзі қызмет» бұрышы арқылы 3791 анықтама алынды (оның ішінде – 1353).
Қызметі уақтылы, әрі сапалы көрсету азаматтырдың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізі болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде бекітілген мерзімдері бұзылғаны мен азаматтардан түскен шағым болған жоқ.
Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде белгіленген талаптардың, қарау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Талдау барысында ауылдық округі әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заң бұзұшылықтар жоқ екендігі анықталды, жекежәне заңды тұлғалардң өтініштерін обьективті, жан-жақты әрі уақытылы қаралуы қамтамасыз етілген.
КОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
«Рахат ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсыныстар:
әкім аппаратының қызметкерлеріне:
- Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының және этикасыныңсыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын сақтау;
- Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға;
-Мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардыңжәне олардың салдарларының туындау себептері мен жағдайларын жою.
Жұмыс тобы мүшелері:
Ауылдық округі әкімінің орынбасары Д. Муналбаева
Бас маманы М. Кулашбаева
Жетекші маман Р. Ибдиминова
Таныстырылды:
Рахат ауылдық округінің әкімі Қ.Богусбаев