«Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
«Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:
қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынады;
біліктілігін арттырады;
мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды;
Қызметті беруші туралы мәлімет: «Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040446, Қ.Ұлтарақов ауылы, Абай көшесі № 1, Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.
2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Масақ ауылдық округі әкімінің аппаратында 2023 жылы қаңтар айынан бастап тамыз айына дейін 6 (алты) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
3.Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
2023 жылы қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін 4 (төрт) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
2.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
3.Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне жауапты бас маман Р.Итамова, 2023 жылдың 02 маусымдағы № 64-38 өкімімен бекітілген және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтында аталған маманның байланыс телефондары, қабылдайтын күндері көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ішкі бақылауды жүргізу ауылдық округ әкімінің орынбасары А.Молдабаевқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша есепті және ақпаратты (деректерді) жинақтауға және аудан әкімі аппаратына жолдауға жетекші маман А.Әлімге 2023 жылдың 02 маусымындағы № 64-37 өкімімен жүктелген.
2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 38, оның ішінде :
қызметтердің саны – 3;
қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1014.
Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылық болған жоқ.
Округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар стенд ілінген және әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында жеке кабинет дайындалды. Сол кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» жасалынды. Жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған бұрыш, нашар көретін адамдарға Брайль қаріпі, диспенсер, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шақыру түймесі, көліктеріне тұрақ бар.
2023 жылы тұрғындар арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жәрмеңкелер, презентациялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, Egov-Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы қызмет көрсету және оқыту бойынша акциялар өткізілді. Сондай-ақ, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде, аудан әкімінің веб-сайтында және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар жариялануда.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс – шараларының саны-54. Халықты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс – шараларымен қамтылғандар саны-43319 адам.