` «Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызметте көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
1.Жалпы ережелер
«Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекетік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;
-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерізімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
-көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының,бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
2.Қызметті беруші туралы мәлімет:
«Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040445, Малыбай ауылыРозбакиев көшесі, 39/а үй, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.
3.2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Малыбай ауылдық округі әкімінің аппаратында 2025 жылы 6 (алты) түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
1) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою,
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,
3) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату,
4) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
5)Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру
6)Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша функционалдық міндеттеріне кіретін қызметкерлердің саны-1 маман.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша әкім аппаратының бас маманы А.Юлдашева жүктелген, есепті және ақпаратты жинақтау бас маман Б.Амет жүктелген.
2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы- 31.
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою- 23
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру- 1
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 4
- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту-3
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-жоқ,
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені-31, ақылы негізіндегі көрсетілгені- жоқ,
"Е-Лицензиялау"МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген-5.
Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған ережелер бар стендтер орналасқан. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтармен таныса алады, ғимараттың бірінші қабатындағы фойеде қызмет алушыларға ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтер ережелері бар.
Малыбай ауылдық округі әкімінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігі туралы тұтынушыларды хабардар ету үшін, бірінші қабатта «Электрондық үкімет» порталына кіретін «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. Бұрыш кеңсе жабдықтарымен жабдықталған, тиісті белгілер бар, ауылдық округ әкімдігінің фойесінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді насихаттау және жарнамалау туралы бейнероликті жарнамалау үшін теледидар орнатылған. Электрондық Үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілуде.
Малыбай ауылдық округі әкімінің аппаратында халыққа қызмет көрсету жәрмеңкелері, презентациялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, «Электрондық үкімет» арқылы қызмет көрсету және оқыту бойынша акциялар өткізілді. Сондай-ақ, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінде және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету туралы мақалалар жариялануда.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы Малыбай ауылдық округінің әкімінің толық бақылауында.
Қызметті беруші туралы мәлімет: «Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Малыбай ауылы, Розбакиев көшесі № 39/а, Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.