«Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;
- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
«Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, пошталық мекенжайы: 040442, Қырбалтабай ауылы, Райымбек көшесі №18, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы.
2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
"Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппаратында 2022 жылы 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетті.
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 0;
2) елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 5;
3) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 5;
4) жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 0;
5) жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 207.
6) жер телімін пайдалану мерзімін ұзарту -
2022 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны – 217
тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 217, ақылы негізде-жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
«Сервистік әкімшілік» жобасын іске асыру мақсатында аппарат ғимаратында электрондық үкімет веб-порталына шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы дайындалып орнатылған және жұмыс істейді. Халықты ақпараттандыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш үлгілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, бейнебақылау камерасы, күтуге арналған ыңғайлы орындықтар, суға арналған диспенсер, «eQoldau» терминалы, балалар бұрышымен қамтамасыз етілген.
2022 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 409 қызмет көрсетілді.
Ерекше қажеттіліктері бар жандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға округ әкімі аппаратында қажетті жағдайлар жасалған.
Атап айтқанда, мүгедектерге арналған тұрақ, шақыру түймесі, кезексіз қызмет көрсетілетін адамдардың санаты көрсетілген тақтайшалар, көру қабілеті нашар келушілерге арналған жұмыс кестесі бар тақтайшалар (Брайль қарпі). Сондай-ақ, әкім аппаратының ғимараттағы баспалдақтар сары түспен белгіленген және нашар көретін адамдарға арналған тактильді сары жолақтар бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
2022 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.