
Жыл ішінде Қырбалтабай ауылының күл-қоқыс полигонына 32 т. қоқыс шығарылды. Полигонның ішіндегі қоқыстарды техниканың көмегімен бір орынға жинақтау, реттеу, көму жұмыстары ұйымдастырылды. Жыл ішінде бірнеше рет сенбілік өткізілді. Ауылдық округті санитарлық тазалау, қоқыс шығару жұмыстарына 1 904 000 теңге сомасында шарт жасалды. Көктемгі, жазғы тазалау жұмыстары атқарылып, күз мезгіліндегі жұмыстар жүргізілуде.
Қырбалтабай ауылдық округіндегі арықты тазалау жұмыстарын атқаруға 2 410 714.29 теңгеге шарт жасалды. 1,5 км. қашықтықта арықты механикалық әдіспен тазаланып, қазу жұмыстары атқарылды. Жұмыстар толығымен аяқталды.
Жарықтандыру шаралары бойынша Қайнар ауылы Қызыл қазақ, Ә.Жәпеков көшелеріне 14 жарық шамдары орнатылды.
«Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы аясында Қырбалтабай ауылындағы Құмбел көшесі, Қайнар ауылында Ынтымақ көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы жұмыс 5 000 000,0 теңге қаражатқа атқарылды.