GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
Денсаулық сақтау
04 августа 2026
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы 9 шілдедегі №138-Ж бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 10 шілдеден бастап Дархан Әріпұлы Сыбанбаев Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы директорының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Дархан Әріпұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-хирург. Денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Еңбек жолында дәрігер-хирург қызметінен бастап, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына дейінгі кәсіби жолдан өтті. 2020 жылдан Қарғалы ауылдық аудандық ауруханасының директоры қызметін атқарса, 2024 жылдан бері Жамбыл көпбейінді ауданаралық ауруханасын басқарды.

Дархан Әріпұлының мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі өңірдің денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға өз үлесін қосатынына сенім білдіреміз. Жаңа қызметіне табыс, жауапты жұмысында толағай жетістіктер және мықты денсаулық тілейміз.

20 июля 2026
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МОТОЦИКЛ, ЭЛЕКТР ВЕЛОСИПЕДІ ЖӘНЕ КВАДРОЦИКЛ ИЕЛЕРІ!

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында мотокөлік құралдарына арналған арнайы белгіленген маршруттар жоқ.

ЕҚТА (ерекеше қорғалатын табиғи аумақтар) аумағында жалпыға ортақ автомобиль жолынан тыс жерге шығуға тыйым салынады.

Сондай-ақ орман шаруашылығы жолдарымен және мал айдау соқпақтарымен жүруге тыйым салынады.

Аталған әрекеттер ерекше қорғалатын табиғи аумақ режимін бұзу болып есептеледі және:

* ЕҚТА аумағында заңсыз болғаны үшін;
* ЕҚТА-ның белгіленген режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке әкеп соғады.

Тыйым салудың себебі:

Мотокөлік құралдарының қозғалысы жабайы жануарларға мазасыздық туғызады және топырақ жамылғысының бұзылуы мен эрозиясына әкеледі.

ЕҚТА аумағында болу қағидаларын сақтауларыңызды және тек жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен ғана жүрулеріңізді сұраймыз.

02 июля 2026
Астана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Астана күнінде, яғни 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Ал 4 шілде, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

7 шілдеден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.

16 июня 2026
Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.

«Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі.  Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

«Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания.

Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.

 

11 июня 2026
Ең басты ережені есте сақтаңыз
28 апреля 2026
«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы

 

«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы

 

Мемлекеттік қызметтерді “Қорам ауылдық округі әкімі аппараты” көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Қорам ауылдық округі әкімінің аппаратында  2025 жылы 6(алты) қызмет түрін көрсетеді.

  1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

2.Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

  1. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
  2. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  3. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту;
  4. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру;

     2025 жылы барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 52, оның барлығы тегін негізде, қызметтер "электрондық үкімет" порталы және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілді, қағаз түрінде жанамалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – болмады.

  1. Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 3;

2.Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - 31;

  1. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату - 1;
  2. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 846;
  3. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту- 15;
  4. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру -2;

оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізделген бас тартулардың жалпы саны-9 (тоғыз), оның ішінде 3 (үш) қағаз түрінде;

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзудың фактісі болмады.

Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы:

Ауылдық округ әкімінің сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын өзекті нормативтік құқықтық актілер орналастырылған.

Сонымен қатар әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында қолжетімді жерлерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік – құқықтық актілермен, өтініш үлгілерімен, байланыс телефондарының нөмірлерімен ақпараттық стендтер ілінген.  

Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 2бейнеролик ұсынылды.

Халықтың қалың тобына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету:

               Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуына кеңінен қол жеткізу үшін әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" ұйымдастырылып, тұрғындар электрондық мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін өз бетінше ала алады.2025 жылы "Электрондық бұрыштар" арқылы 1015 тұрғындар электрондық қызмет алды, ЭЦҚ алғандар саны  - 747.

  1. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін олардың мемлекеттік қызметтерді алуы және барлық қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ыңғайлы алуы кезінде қажетті жағдайлар жасау:

        Әкімшіліктің ғимаратында белгіленген нормативтерге сәйкес келетін пандус бар,  ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін автотұрақ ұйымдастырылған, брайль қарпімен мемлекеттік органның атауы және жұмыс кестесі бар маңдайша бар, персоналды шақыру батырмалары бар.

        2025 жылдың кезеңінде халыққа мемлекеттік қызметтерді алуды және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың тәртібі және артықшылығын түсіндіру бойынша - "Еңбекшіқазақ" газетінде 4 мақала,  ауыл әкімінің веб-сайтында - 7 мақалаорналастырылды. Халықты ақпараттандыру мақсатында барлығы 29 іс-шара өткізіліп, 39196 адам қамтылды.

           4.Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік қызметшілер оқуға жіберілмеді.

           Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер үшін 1 оқыту семинары өткізілді.

 

 

Қорам ауылдық округінің әкімі                       Н.Сарсембеков

 

 

 

 

@.Л.Сарбаева

(. 8 (72 776) 7-63-80

e-mail: koram_akimat@mail.ru

 

 

Ішкі саясат
15 апреля 2026
Есірткі «жасырын қоймаларын» (закладка) немесе оларды таратумен айналысатын тұлғаларды анықтаған кездегі іс-қимыл алгоритмі

Жалпы қағидалар
Жеке қауіпсіздік – басты басымдық.
ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: күмәнді заттарға қол тигізуге, күдікті тұлғаларды өз бетінше ұстауға.
Барлық әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
______________
Есірткі «жасырын қоймасын» анықтаған кезде
1. Затқа қол тигізбеңіз.
2. Орналасқан жерін тіркеңіз (координаттар, фото, видео).
3. Дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
4. 102 операторыңа бар ақпаратты хабарлаңыз (нақты мекенжай, бағдарлар, заттың сипаттамасы).
5. Мүмкіндігінше, полиция келгенге дейін затты көзбен бақылауда ұстаңыз.
6. Тек полиция қызметкерлерінің нұсқауы бойынша әрекет етіңіз.
______________
Есірткі тасымалдаушыны (курьерді) анықтаған кезде
1. Байланысқа түспеңіз.
2. Күдіктінің белгілерін тіркеңіз (жалпы сипаттама: ұлты, бойы, жасы, ерекше белгілері, киімі, қозғалыс бағыты, автокөліктің мемлекеттік нөмірі болса).
3. Дереу 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
4. Операторға барынша толық ақпарат беріңіз.
5. Қауіпсіз қашықтықта бақылаңыз, күдіктімен байланысқа түспеңіз.
______________
Құқықтық салдары
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі:
• 112-бап – қажетті қорғаныс шегінен шығу.
• 125–126-баптар – заңсыз бас бостандығынан айыру.
• 296–297-баптар – есірткі құралдарын заңсыз сақтау немесе өткізу.

Ашық әкімдік
08 апреля 2026
БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бұйрығына сәйкес, Акимов Даурен Абилакинович Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Талғар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

02 апреля 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!

Қорам ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын  қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін.

 

Мекенжайы: Қорам ауылдык округі, әкімшілік ғимараты,

Қорам ауылы, Зарватов көшесі 58
Байланыс телефоны: 8 7277676390

31 марта 2026
Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады

Құжаттарды үйге жеткізу қызметі дайын құжаттарды ХҚКО-ға қайта бармай-ақ алуға мүмкіндік береді және бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді. 2026 жылы бұл қызметке сұраныс артып келеді - алғашқы үш айда 426 жеткізу рәсімделгенін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Қызметті өтініш беру кезінде бірден рәсімдеуге болады. Құжат дайын болған соң ол көрсетілген мекенжайға жеткізіледі. Бұл уақытын үнемдегісі келетін немесе орталыққа өзі бара алмайтын азаматтар үшін өте ыңғайлы.

Жеткізуді өтініш беру кезінде бірден рәсімдеуге болады. Ол үшін мекенжайды көрсетіп, қызмет ақысын төлеу жеткілікті. Құжат дайын болған соң курьер қызмет алушымен байланысып, сол күні жеткізіп береді. Құжатты алу кезінде жеке куәлік пен растау коды тексеріледі

Айта кету керек, курьерлік жеткізу 15 мемлекеттік қызметті қамтиды. Оның ішінде туу, неке, ажырасу және қайтыс болу туралы қайталама куәліктер, архивтік анықтамалар мен білім туралы құжаттардың телнұсқалары, сондай-ақ апостиль қою және азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру бар.

Қызмет құны өңірге байланысты: Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жеткізу бағасы 2061 теңге болса, басқа өңірлерде - 1036 теңге.

Бұл ретте құжатты жеткізу процесін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. Бұл құжаттың қай кезеңде екенін артық қоңырауларсыз білуге мүмкіндік береді.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл қызмет 2024 жылы іске қосылып, құжаттарды алу процесін жеңілдетуге, уақытты үнемдеуге және ХҚКО-ға қайта бару қажеттілігін азайтуға бағытталған.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы