Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер

«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2022 жылымемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ақпарат

 

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;

- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;

- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.

 

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

 

«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: индексі 040437, Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылы, Зарватов көшесі № 58

 

2022  жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

 

  "Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Қорам ауылдық округі әкімінің аппаратында  2022 жылы 6(алты) түрлі мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру ;

2) елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру ;

3) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу ;

4) жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

5) жер учаскесін алу үшін кезекке қою .

6) жер телімінің пайдалану мерзімін ұзарту

     Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері 1 маманның функионалдық міндеттеріне еңгізілген, өкіммен бекітілген және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтында аталған мамандардын байланыс телефондары, қабылдайтын күндері көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Сәрсенбаевке жүктелген.

     2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 317, оның барлығы тегін негізде көрсетілген, қағаз түрінде жанамалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 11, ЭЦҚ пайдалана отырып  электрондық Үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 821.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізделген бас тартулардың жалпы саны-2 (екі).

Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылық болған жоқ.

          Округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараты бар стенд ілінген және әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында жеке кабинет дайындалды. Сол кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» жасалынды. Жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған бұрыш, нашар көретін адамдарға Брайль қаріпі, диспенсер, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шақыру түймесі, көліктеріне тұрақ бар.

  Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында округте мемлекеттік қызметті электронды түрде алу тәртібі туралы оқыту бейнероликтерін көрсету және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметті алуға құқықтары мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы кітапшалар тарату арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

      2022 жылдың кезеңінде "Еңбекшіқазақ" газетінде және аудан әкімінің веб-сайтында халыққа мемлекеттік қызметтерді алуды және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың тәртібі және артықшылығын түсіндіру бойынша барлығы 10 мақала орналастырылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында 26 іс-шара өткізіліп, 14682 адам қамтылды.

 

 

Қорам ауылдық округінің әкімі                       Т.Еменбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

@.Н.Сәрсембеков

(. 8 (72 776) 7-63-80

e-mail: koram_akimat@mail.ru

 

 

 

Дата публикации
05 апреля 2023
Дата обновления
05 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

09 февраля 2026
Хабарландыру !!!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
09 ноября 2023
2023 жылғы 24 қыркүйекте Қорам ауылдық округі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы