Хабарландыру !!!

Хабарландыру !!!

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпанда «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 8-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, 2025 жылдың 21 шілде күні сағат 15:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылының әкімшілік ғимаратында, халқының пікірін ескере отырып, жергілікті қоғамдастық жиналысы өтеді. Жыйынның күн тәртібінде тиісті аумақ, Қорам ауылының 3 (үш) көшесіне Қорам ауылының ҰОС ардагерлерінің  (тізім бойынша) есімін беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.    

 

1.       Розыбакиев көшесін

Имар  Жамахунов

2.       Саутахун көшесін

Әсемғазы Рушанов

3.       Шымболатов көшесін

Дәуіт Беспаев

 

Түсіндірме жазба

Жер мен көше атауы – елдіктің айнасы. Бүгінгі күні онамастика мәселелері өзекті мәселелерге айналып отыр. Тарихи жер-су атауларын қайтару, қайта атау – туған жерді аялау, сүю болып табылады. Сондай-ақ, адамзаттың тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді. Кешегі тарих қойнауын жандандырып, бүгінгі жастарға танытып, ертеңгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп қалдыруда рөлі үлкен.

 

Имар  Жамахунов

Ұлы Отан Соғысы ардагері, «1-дәрежелі Отан соғысы» орденінің екі дүркін иегері,   «Германияны жеңгені үшін» медальі иегері. Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы

 

Әсемғазы Рушанов

Ұлы Отан Соғысы ардагері, барлаушы, «Қызыл Жұлдыз», «2-дәрежелі Отан соғысы» ордені,  «Жапонияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Жуковтың медалі иегері.

 

Дәуіт Беспаев

Ұлы Отан Соғысы ардагері,  «1 және 2-дәрежелі Отан соғысы» ордені,   Кеңес Одағының Маршалы Жуковтың медалі иегері,

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
19 июня 2025