"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб- порталы арқылы
Мемлекеттік қызметті «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету- Электрондық үкіметтің" веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі- 5 (бес) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі-Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету – тегін.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар: 1) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар порталға мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжатқа сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Басқа да толық мәліметтерді «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар. Мекен - жайы: Қорам ауылы, Зарватов көшесі, №58 үй. Телефоны: 8 (72 776) 7-63-90
«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ