«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі
қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер енгізу
туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі
қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа
редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 17-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа
редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер
ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.