Хабарландыру
«Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт минстрінің 01.08. 2023 жылғы № 211 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 5 мамыр күні сағат 11:00-де Еңбекшіқазақ ауданы, Қорам ауылының әкімшілік ғимаратында, халқының пікірін ескере отырып, жергілікті қоғамдастық жиналысы өтеді. Жыйынның күн тәртібінде тиісті аумақ, Қорам ауылының 1-мөлтек ауданындағы 9 (тоғыз) көшесіне тарихи тұлғалардың, тарихи жер-су және ұлтық танымға жақын дәстүрлі атау беру (тізім бойынша) туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.
|
1. 1-мөлтек ауданы жобаланған көше 1 көше |
Абылай хан |
|
2. 1-мөлтек ауданы жобаланған көше 2 көше |
Достық |
|
3. 1-мөлтек ауданы жобаланған көше 3 көше |
Дінмұхамед Қонаев |
|
4. 1-мөлтек ауданы жобаланған көше 4 көше |
Тәуелсіздік |
|
5. 1-мөлтек ауданы жобаланған көше 5 көше |
Хантау |
|
6. 1-мөлтек ауданы жобаланған көше 6 көше |
Ұзақ Ұлтанбеков |
|
7. 1-мөлтек ауданы жобаланған көше 8 көше |
Қонысбаев Аюп |
|
8. 1-мөлтек ауданы жобаланған көше 9 көше |
Азахунов Розахун |
|
9. 1-мөлтек ауданы жобаланған көше 11 көше |
Әбек Өмірәлиев |
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАША ХАТ
Жер мен көше атаулары – ұлттық тарихи санамыздың қайнар көзі. Тарихи тұлғалардың тарихи жер-су ұлттық танымымызға жақын дәстүрлі атаулар арқылы болашағымызға тарихымызды таныту азаматтық парызымыз болып табылады.
|
Абылай хан |
(1771 – 1781жж.) Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр)— Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, бабалары қазақ ордасының негізін салған. |
|
Достық
|
Дәстүрлі атау |
|
Дінмұхамед Қонаев |
(1912-1993 жж.) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, техника ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі. Алматы қаласында дүниеге келген. Қонаев ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. |
|
Тәуелсіздік |
Жер-Су атауы |
|
Хантау |
Жер-Су атауы |
|
Ұзақ Ұлтанбеков |
Ұлы Отан Соғысы ардагері, «2-дәрежелі Отан соғысы» орденінің иегері, «Ерлігі үшін» медальі иегері. |
|
Қонысбаев Аюп |
Ұлы Отан Соғысы ардагері, «2-дәрежелі Отан соғысы» ордені, КСРО Маршалы Г.К. Жуков медальмен марапатталған. |
|
Азахунов Розахун |
Ұлы Отан Соғысы ардагері, «2-дәрежелі Отан соғысы» орденінің иегері |
|
Өмірәлиев Әбек |
Ұлы Отан Соғысы ардагері, «2-дәрежелі Отан соғысы» ордені, "Отличный мионмедчик" орденімен марапатталған. |