«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы
Мемлекеттік қызметтерді “Қорам ауылдық округі әкімі аппараты” көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Қорам ауылдық округі әкімінің аппаратында 2024 жылы 4(төрт) қызмет түрін көрсетеді.
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру ;
2) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу ;
3) жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;
4) жер учаскесін алу үшін кезекке қою .
2024 жылы барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 79, оның барлығы тегін негізде, қызметтер "электрондық үкімет" порталы және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілді, қағаз түрінде жанамалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – болмады.
оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізделген бас тартулардың жалпы саны-3 (үш), барлығы электронды түрде көрсетілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзудың фактісі болмады.
Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар жоқ.
Ауылдық округ әкімінің сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын өзекті нормативтік құқықтық актілер орналастырылған.
Сонымен қатар әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында қолжетімді жерлерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік – құқықтық актілермен, өтініш үлгілерімен, байланыс телефондарының нөмірлерімен ақпараттық стендтер ілінген.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 3 бейнеролик ұсынылды.
Халықтың қалың тобына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету:
Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуына кеңінен қол жеткізу үшін әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" ұйымдастырылып, тұрғындар электрондық мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін өз бетінше а
ла алады. 2024 жылы "Электрондық бұрыштар" арқылы 678 тұрғындар электрондық қызмет алды, ЭЦҚ алғандар саны - 682.
Әкімшіліктің ғимаратында белгіленген нормативтерге сәйкес келетін пандус бар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін автотұрақ ұйымдастырылған, брайль қарпімен мемлекеттік органның атауы және жұмыс кестесі бар маңдайша бар, персоналды шақыру батырмалары бар.
2024 жылдың кезеңінде халыққа мемлекеттік қызметтерді алуды және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың тәртібі және артықшылығын түсіндіру бойынша - "Еңбекшіқазақ" газетінде 4 мақала, ауыл әкімінің веб-сайтында - 8 мақала орналастырылды. Халықты ақпараттандыру мақсатында барлығы 30 іс-шара өткізіліп, 32330 адам қамтылды.
4.Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік қызметшілер оқуға жіберілмеді.
Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер үшін 4 оқыту семинары өткізілді.
Қорам ауылдық округінің әкімі Т.Еменбаев
@.Л.Сарбаева
(. 8 (72 776) 7-63-80
e-mail: koram_akimat@mail.ru