“Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу” Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1.Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Ауылдық округ әкімі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі: “электрондық үкіметтің”веб-порталы арқылы
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.
5.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Қосымша ақпарат алу үшін: Қорам ауылы көшесі,
Зарватов көшесі №58.
Тел: 8/72776-7-63-90
“Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ