Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтегі пошта байланыс бөлімі арқылы тізімде көрсетілген қызметтерді алуға болады

Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ауылдық округтегі пошта байланыс бөлімі арқылы  тізімде көрсетілген қызметтерді  алуға болады:

  1. Шалғай ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды оқу орындарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету;
  2. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары студенттерi мен тәрбиеленушілерiнiң жекелеген санаттарының саяжай және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын қамтамасыз ету үшiн құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру;
  3. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
  4. Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, нұсқаушы-біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты спортшы, спорт төрешісі.

 

Дата публикации
10 июля 2024