«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ақпарат

«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ақпарат

 

Мемлекеттік қызметтерді “Қорам ауылдық округі әкімі аппараты” көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Қорам ауылдық округі әкімінің аппаратында  2023 жылы 4(төрт) қызмет түрін көрсетеді.

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру ;

2) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу ;

3) жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

4) жер учаскесін алу үшін кезекке қою .

     2023 жылы барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 79, оның барлығы тегін негізде, қызметтер "электрондық үкімет" порталы және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілді, қағаз түрінде жанамалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны (2023 жылдың шілде айына деиінгі мерзімге көрсетілген) – 8, оның ішінде:

1) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша  - барлығы 10 қызмет;

2) жер учаскесін алу үшін кезекке қою  - 61 қызмет көрсетілді.

3) елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (2023 жылдың шілде айына деиінгі мерзімге) – 1 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізделген бас тартулардың жалпы саны-3 (үш), 2- электронды түрде, 1 қағаз түрінде көрсетілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзудың фактісі болмады.

Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы:

Ауылдық округ әкімінің сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын өзекті нормативтік құқықтық актілер орналастырылған.

Сонымен қатар әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында қолжетімді жерлерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік – құқықтық актілермен, өтініш үлгілерімен, байланыс телефондарының нөмірлерімен ақпараттық стендтер ілінген.  

Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 4 бейнеролик, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 11 кітапша жасалды.

  1. Халықтың қалың тобына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету: Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуына кеңінен қол жеткізу үшін әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" ұйымдастырылып, тұрғындар электрондық мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін өз бетінше ала алады.

2023 жылы "Электрондық бұрыштар" арқылы тұрғындар 1062 электрондық қызмет алды, оның ішінде 733 ЭЦҚ ашылды.

  1. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін олардың мемлекеттік қызметтерді алуы және барлық қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ыңғайлы алуы кезінде қажетті жағдайлар жасау:

Әкімшіліктің ғимаратында белгіленген нормативтерге сәйкес келетін пандус бар,  ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін автотұрақ ұйымдастырылған, брайль қарпімен мемлекеттік органның атауы және жұмыс кестесі бар маңдайша бар, персоналды шақыру батырмалары бар.

2023 жылдың кезеңінде халыққа мемлекеттік қызметтерді алуды және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың тәртібі және артықшылығын түсіндіру бойынша - "Еңбекшіқазақ" газетінде 4 мақала,  ауыл әкімінің веб-сайтында - 12 мақала орналастырылды. Халықты ақпараттандыру мақсатында барлығы 42 іс-шара өткізіліп, 21262 адам қамтылды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметшілердің біліктілігін тұрақты түрде арттыру мақсатында есепті кезеңінде 3 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша оқытудан өтіп, тиісті сертификаттар алды.

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілер үшін 2 оқыту семинары өткізілді.

 

 

Қорам ауылдық округінің әкімі                       Т.Еменбаев

 

 

 

 

 

 

@.Н.Сәрсембеков

(. 8 (72 776) 7-63-80

e-mail: koram_akimat@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
10 апреля 2024