Зейнетақы жинағы өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшылары үшін жаңа мүмкіндіктер

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылар зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады.

Қандай өзгерістер болады?

Салымшылар:

ИПБ-ға берілетін жинақ мөлшерін өздері белгілейді;

жинақтарын бірнеше басқарушыға бере алады.

Әр ИПБ салымшыларға үш түрлі инвестициялық портфельге дейін ұсына алады: консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары. Олар тәуекел деңгейі, инвестиция құрамы және салым мерзімі бойынша ерекшеленеді.

Басқарушылардың табыстылық көрсеткіштерін салыстырып, инвестициялық стратегияларымен invest.enpf.kz платформасында танысуға болады.

Жинақты аудару туралы өтінішті:

📌enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте ЭЦҚ арқылы;

📌жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде беруге болады.

Өтініштің мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан көруге болады. Жинақ өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде.

Дата публикации
27 августа 2026