«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызметін қалай алуға болады?
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Жер учаскесінің жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға шешім алу үшін, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беруіңіз қажет.
Көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар:
- жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
- жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі;
Порталға:
- көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
- жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі– 5 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Жұмыс кестесі:
«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сай дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс уақыты: 12:30-дан 14:00-ге дейін.
Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Анықтамалық байланыс телефоны:
8 7277676390
«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ