Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» негізінде, Көктөбе ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 03 ақпандағы № 01-05/25 өкімімен құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2023 жыл. Жұмыс тобымен ішкі талдау жүргізу барысында төмендегідей нормативтік құқықтық актілер қарастырылды:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы», Қазақстан Республикасының Заңдары «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазанындағы №568 қаулысымен бекітілген «Нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысы, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсанындағы № 147 бұйрығымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғаларды өтініштерін есепке алу қағидалары», Қазақстан Республикасы Қаржы Министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсанындағы № 540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі», Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 11 желтоқсанындағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары», Еңбекшіқазақ ауданы Әділет басқармасында тіркелген, 2018 жылдың 12 қаңтарындағы №13 қаулысымен бекітілген «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін қызметкерлер қызметте басшылыққа алады.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша әкім аппаратының лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің штаттық саны – 14 адам. Соның ішінде әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер саны – 9 адам. Қызметкерлердің бір-біріне туыстық қатынасы анықталмаған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою қызметі бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру» Ережесі мен «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «egov.kz Қазақстан Республикасының Электронды Үкіметі» арқылы көрсетілетін (Жалпы 6700 адам кезекте тұр.)
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі бойынша - 3 қызмет көрсетілген.
- Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату - қызмет көрсетілмеген.
- Сауда саттықты (конкурсатрды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу қызметі бойынша – 34 қызмет көрсетілді.
Мекемеде қызмет берушілерге мемлекеттік қызметтердің қағидалары, өтініш бланкілерінін үлгілері арнайы стендте ілінген. Әр мемлекеттік қызмет түріне мамандар бекітілген және бұл сала бойынша жүргізілген жұмыстары үнемі бақылауда.
Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметтерге қатысты мәліметтер мен ақпараттар мерзімді баспасөз беттерінде және Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің ресми сайтында жариялануда.
Есепті мерзім кезінде ауыл әкімімен 5 шешім, 166 өкім қабылданды. Оның ішінде 53 өкім жеке құрам, 113 өкім негізгі қызмет бойынша. Жеке тұлғалардан 57 өтініш түсіп, оның ішінде жер қатынастары жөнінде 38 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер жазбаша түрде қабылданды. Заңды тұлғалардан өтініш түспеді.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты өтініштер тіркелген жоқ. Өтініш қарау мерзімі бұзылмаған. Келіп түскен өтініштер уақытымен веб-еуол программасына енгізіліп, аудандық әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөліміне айлық, тоқсандық есептер уақытылы тапсырылып отырады.
Прокурорлық қадағалау актілері округ әкімінің аппаратына түспеген.
Мекемеде мемлекеттік сатып алу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамалардың талаптарына сәйкес жоспарға сай жүргізіледі.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсанындағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында бекітілген жоспарға сай жұмыстар атқарылған.
Жоғарыда аталған негізінде, жұмыс тобы «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2023 жыл бойынша ішкі талдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағаны туралы қорытынды жасады.
Ұсыныс: Аппарат қызметкерлерінің кәсіби дайындығы деңгейін арттыру.
Көктөбе ауылдық округініңәкімі Б. Саменов
Көктөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары
С. Бизаков
Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
Д. Коканова