"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету қағидасы

"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету қағидасы

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі:

"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бойынша, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш, "Е-Лицензиялау" МДҚ(мемлекеттік деректер қоры) арқылы электрондық түрде ұсынылады.

Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі: Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау.

Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

Жеке дербес жер учаскесіне пайдалану құқығын алу үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы.

Негізгі учаскеге қосымша (іргелес) жер учаскесін сатып алу үшін:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш;

2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы;

3) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің оң қорытындысы.

Жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – жерге орналастыру жобасын дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда - мемлекеттік қызмет көрсетуде жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

             Тыңдалым өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

             Көрсетілетін қызметті беруші тыңдалым нәтижелері бойынша сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау туралы, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұрау кезінде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын жасасу немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес өтініш беруші, негізгі учаскеге қосымша (іргелес) жер учаскесін сатып алу үшін Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің оң қорытындысын алғаннан кейін "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 1-кезеңі бойынша Көктөбе ауылдық округі әкімінің атына "Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы өтініш бере алады.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі: Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.

«Көктөбе ауылдық округі әкімінң аппараты»

мемлекеттік мекемесі

 

 

"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету қағидасы
Дата публикации
17 сентября 2024