«Қазпошта» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 14-тармағын орындау аясында, Қоғам ауылдық елді мекендерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етіп отырғанын хабарлайды.
Қоғамның мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуі бойынша құзыреті «Пошта туралы» ҚР Заңының 23-1-бабында көзделген.
Ескертпе: ауылдық елді мекендерде тұратын халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес почта байланысы бөлімшелерінде Ұлттық почта операторы қамтамасыз етеді.
Аталған жобаның әлеуметтік әсері: ауыл халқы мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды арттыру, ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Процесті регламенттеу үшін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, Қоғам және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арасында жасасқан бірлескен бұйрық бекітілді.
Ауылдық почта байланысы бөлімшелерінде (бұдан әрі - АПББ) мемлекеттік қызметтер көрсету қызметті алушыларды сәйкестендіре және фотофиксациялай отырып, ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ХҚКО ЫАЖ) арқылы жүзеге асырылады.
2023 жылдан бері жоба еліміздің 11 облысында енгізілді және 200 АПББ қамтиды. Іске қосылған сәттен бастап АПББ арқылы мемлекеттік органдарға қағаз жүзіндегі құжаттарды ұсынуды талап етпейтін ең танымал қызметтер көрсетіледі.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тарапынан жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша қызметті берушіге қағаз құжаттарды беру көзделген мемлекеттік қызметтерге сұраныс байқалады.
Осылайша, талдау қорытындысы бойынша АПББ арқылы көрсету үшін келесі қағаз жүзіндегі мемлекеттік қызметтер анықталды:
Өздеріңіз білетіндей, Қоғамның өзінің почта-логистикалық инфрақұрылымы бар, бұл құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге Қоғамның пошташылары тікелей жеткізуге мүмкіндік береді.
Құжаттар топтамасын АПББ-ден уәкілетті органға жеткізудің бизнес-процесі қоса беріледі (№1 қосымша). Қоса беріліп отырған схемаға сәйкес құжаттар пакетін мөрленген конвертте жеткізуді пошташы жүргізеді. Конвертте қажетті құжаттар тізімі және тізілімнің 2 данасы болады. Құжаттарды алғанын растау үшін мемлекеттік органның жауапты қызметкерінің жеткізу парағына қол қоюы көзделеді.
Тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органның жауапты қызметкеріне АПББ операторына құжаттың дайындығы туралы алдын ала хабарлау ұсынылады (АПББ операторының байланыстары конвертте көрсетіледі). Кейін пошташы мемлекеттік қызметтің нәтижесін уәкілетті органнан алады.