«Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылғы 5 айда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша атқарылған жұмыстары туралы.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізбесіне сәйкес «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 4 түрлі қызмет көрсетеді: «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден  төлеп не бөліп төлеу арқылы сату».

           Ауылдық округі әкімінің ғимаратында мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін, «Электрондық үкімет» порталына кіретін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылды. Көрсетілетін қызметті алушыларға қолайлы жағдай жасау үшін ғимаратта суға арналған диспенсер, келушілерге күтуге ыңғайлы жұмсақ орындықтармен жабдықталған. "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі тақырыбындағы бейнероликтерді көрсету үшін телемонитор ілінген. Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік – құқықтық актілермен, өтініш үлгілерімен, байланыс телефондарының нөмірлерімен ақпараттық стенд орналасқан.

Әкім аппаратында мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қызмет алу барысында барынша жағдай жасалған.

Атап айтқанда: пандус, персоналды шақыру түймесі мен шақыру түймесінің белгісі, Брайль шрифтімен төтенше жағдай кезіндегі эвакуациалау тақтасы, мүгедектерге бірінші кезекте қызмет көрсетілетіні туралы тақтайшалар орналастырылған.

Ағымдағы жылдың 5 айында 9 іс шара өткізілді: дөңгелек үстел-1, семинар-1, лекция-2, инфографика - 2, онлайн жәрмеңке – 1, ашық есік күндері-1, жәрмеңке-1 өткізіліп, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне-1, әлеуметтік желілер мен округ әкімінің сайтында - 1 мақала жарияланды.

         

 

«Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
26 июня 2024