«Көктөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
"Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің негізгі бағыттары:
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: "Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, пошталық мекенжайы: 040435, Көктөбе ауылы, Сейфуллин көшесі №62-А, Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.
2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты 2023 жылдың қыркүйек айына дейін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 6 (алты) түрін көрсетті:
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты, мемлекеттік қызметтердің 4 (төрт) түрін көрсетті:
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету үшін функционалдық міндеттеріне 1 маман енгізіліп, өкіммен бекітілген. 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ішкі бақылау жүргізу Көктөбе ауылдық округі әкімінің орынбасарына жүктелген, ал мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша есеп пен ақпарат (деректер) жинауға және аудан әкімінің аппаратына жолдауға бас маман Д.С. Кокановаға 2024 жылғы 12 ақпандағы № 01-07/27 өкімімен жүктелді.
Есепті кезең ішінде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерге шағымдар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бұзушылықтар болған жоқ. Есепті жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтар болған жоқ.
Округ әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараты бар стенд ілінді, сондай-ақ бірінші қабатта орналасқан кабинетте мемлекеттік қызметтерді алу үшін "электрондық үкімет" порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті ұйымдастыру техникасымен жарақтандырылған "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" орнатылды. Әкімдікте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шақыру түймесі және тұрақ, диспенсер, нашар көретін адамдарға арналған Брайль шрифті бар.
Округте мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу тәртібі туралы оқыту бейнероликтерін көрсету және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтерді алуға құқықтары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі туралы брошюралар тарату арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2023 жылдың кезеңінде "Еңбекшіқазақ" газетінде және аудан әкімінің веб-сайтында халыққа мемлекеттік қызметтерді алудың және Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың артықшылықтарын түсіндіру бойынша 4 мақала орналастырылды.
"Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мамандары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 48 түсіндіру іс - шараларын өткізді.
Округ әкімі Б. Саменов
Бас маман Д. Коканова