Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі мен артықшылықтары.
Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысы қойған аса маңызды стратегиялық міндет болып табылады.
Осы үдерістер аясында Көктөбе ауылдық округінің әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі құралы – электронды үкімет порталы. Құжаттарды ресімдеу уақытын, құжаттар тізбегін қысқартуды, композиттік немесе проактивті формада анықтама беру тәсілдерін, артық ресімдер мен келісімдерді қысқарту мәселелері тұрақты түрде жетілдірілуде. Бұл азаматтардың уақытын үнемдейді.
Азаматтар мен заңды тұлғалардан қажетті мәліметтерді таңдап және өзінің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, сұрау салу жібере отырып, «электрондық үкімет» порталынан заңды тұлға туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі: мемлекеттік қызметті алумен байланысты ақпаратты алудың қолжетімдігінде; мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңайлатуда; мемлекеттік қызметті алумен байланысты уақытша шығындарды кемітуде; азаматтың өтініші бойынша жұмыстың әр кезеңінде оның хабардарлығында; мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті үй немесе жұмыс компьютерінен беру мүмкіндігінде; электрондық құжатайналым жүйесін енгізу салдарынан бюрократтық сымдарды жою болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, электрондық форматты қызметтер санын ұлғайту, сондай-ақ қызметтерді алушылардың санын көбейту мақсатында Көктөбе ауылдық округінің әкімі аппаратының қызметкерлері халыққа электрондық цифрлық қолтаңба алу маңыздылығы туралы және мемлекеттік қызметтер тізілімінде көрсетілген қызметтерді онлайн форматта алу туралы түсіндіру жөнінде іс-шаралар үнемі жүргізіліп отырады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы балалы болған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда дүниеге сәби келгеннен кейін ата-аналар баланы тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою жұмыстарын электрондық үкімет порталы арқылы ала алады.
Мемлекеттік органдардың қызметі Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіруді аяқтау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін өтініш берушінің міндетті түрде қатысуынсыз жүзеге асыруға бағытталған.
Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың автоматтандырылған түрінің артықшылықтары — олардың қолжетімділігі және бенефициарлардың қолайлылығында. Қызметтерді автоматтандырылған режимге ауыстырудың негізгі артықшылығы ретінде мыналарды атап өтуге болады: қызмет алу туралы ақпарат алуға қолжетімділік; мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету; қызмет алуға байланысты уақытша шығындарды қысқарту, т.б. «Көктөбе ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметтердің қағидалары, регламенттері және мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң тәртiбi туралы ақпараттар жазылған стендтер жасалған. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті газеттерде әлеуметтік желілерде және «Көктөбе ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ-нің ресми сайтында мақалалар жариялануда.
«Көктөбе ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ