Egov.kz электрондық үкімет порталында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке қою қызметі іске қосылды. Осының арқасында қызметті алушылар кезекке тұрып, оның қозғалысын онлайн режимде бақылай алады.
Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.