«Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:

 

«Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Мекен жайы: Алматы облысы, Енбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылы, Райымбек көшесі №19 А.

2022  жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

"Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты 2022 жылдың қаңтар айынан маусымға дейін 5 қызмет, 4 маусымнан бастап 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті:

1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

2) елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

3) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

4) жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату;

5) жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

6) жер телімінің пайдалану мерзімін ұзарту.

Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 6, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 5.

2021 жылы баламалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 98-ді құраса, 2022 жылы бұл қызмет түрлері 116-ны құрады.

«Е-Лицензиялау»МДҚ арқылы электрондық түрде 2021 жылы – 26 қызмет, ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша 28 қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетуден 5 (бес) уәжді бас тарту болды.

2022 жылдың қорытындысы бойынша барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер төмендегіні құрады:

  • Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  • Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері мен байланыс телефондарының нөмірлерімен ақпараттық стенд ілінген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

          "Электрондық үкімет" порталы арқылы пайдаланушылардың үлесін арттыру үшін Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды, онда электрондық қызметтерді өз бетінше алуға кеңестер жүргізіледі. 2022 жылы" Электрондық бұрыштар " арқылы - 596 қызмет көрсетілді.

            Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
24 марта 2023