Меню

Страницы

Статья

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб- порталы арқылы

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік  қызметін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб- порталы арқылы

         Мемлекеттік қызмет көр­сету процестерін үнемі жетілдіру – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және оның аумақтық департаменттерінің жұмы­сындағы негізгі ұс­таным­дардың бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру азаматтардың құқықтарын қорғап, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

       Осы ретте,  «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік

қызметін  «Қаражота ауылдық  округі  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылады.

       Қызметті көрсету мерзімі - 13 (он үш) жұмыс күні

       Мемлекеттік қызмет  электрондық, қағаз түрінде және тегін  көрсетіледі.

       Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Көрсетілетін қызметті берушінің сатып алу-сату шартын (жер учаскесін сатып алған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

        Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар:

        1)"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
        2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, бюджеттің кірісіне Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда бюджетке кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу;
       3) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат.

       Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және  олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
     2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

       Басқа  да  толық  мәліметтерді  «Қаражота  ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» мемлекеттік мекемесінен  ала  аласыздар. Мекен  - жайы: Қаражота ауылы, Иманов көшесі, №8 үй. Телефоны: 8 (72 776) 5-10-08 

          «Қаражота ауылдық  округі әкімінің аппараты» ММ

Дата публикации
26 декабря 2024
Дата обновления
26 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб- порталы арқылы
Ақпарат
09 июня 2026
"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб- порталы арқылы
Ақпарат
20 марта 2026
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі туралы, оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб- порталы арқылы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы