«Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
«Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасайды;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынады;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
- көрсетілген қызметті алушылардың құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды;
Қызметті беруші туралы мәлімет: «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: 040430 Қаражота ауылы, Иманов көшесі №8, Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысы.
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Қаражота ауылдық округі әкімінің аппаратында 2024 жылы 4 (төрт) мемлекеттік қызметтер түрі көрсетілді :
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері 1 маманның функионалдық міндеттеріне еңгізілген, өкіммен бекітілген және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтында аталған мамандардын байланыс телефондары, қабылдайтын күндері көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу ауылдық округі әкімі аппаратының маманы К.М.Адыльбековаға жүктелген.
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы –18, оның ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені – 18, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0, электронды түрде -18, бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының саны – 4 (төрт).
Округ әкімі аппаратының ғимаратында халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен қағидалар жазылған стенд орналасқан. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары: Ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдары ілінген және көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында жеке кабинет дайындалды. Аталған кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар «Өз – өзіне қызмет көрсету бұрышы» жасақталған. Жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған бұрыш, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шақыру түймесі, көліктеріне тұрақ бар. Әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету саласында жергілікті тұрғындарды ақпараттандыру сапасын көтеру үшін арнайы іс-шаралар өткізіледі, бұл жүйелі түрде аппаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелеріне сәйкес отырыстар (9 хаттама) өткізілді, «Еңбекшіқазақ» аудандық қоғамдық –саяси апталығы газетіне 9 (тоғыз) мақала жарияланды. Есепте кезеңде мемлекеттік қызметтер алушылар тарапынан шағымдар түспеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін бұзушылық болған жоқ.