Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 15 сәуірдегі
№ 110 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
1-қосымша
«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі –Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойыншамемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
4) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
5) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) –
нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік
ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
6) «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – «электрондық үкіметтің» веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша
ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық
цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларда 1- қосымшада көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жеке кабинетке мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
құжаттардың мазмұнымен танысады және жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не объект салу, қызмет көрсету, орналастыру үшін ұсынылған
жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жолдайды.
органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны айқындайды.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттiк корпорацияға жер учаскесi шекараларының өзгермейтіндігі туралы мәлiметтерді беру туралы сұраным жолдайды, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің
нәтижелерін қарастырады.
шекаралары туралы мәліметтерді көрсете отырып тиісті қорытынды ұсынады.
жағдайда:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды жинақтап қорытындылайды, жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасын әзірлейді;
2) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір)
жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасымен келіседі;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім жобасына қол қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің көшірмесі жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасау үшін жолданады.
орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының жобасын әзірлейді.
Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шартқа қол қояды.
мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган басшысының қолы қойылған жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) туралы шарт портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы
беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қояды.
Уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын уақтылы жасамау не оны жасаудан бас тарту осындай шартты жасасу мерзімі өткен не бас тарту келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің күшін жою үшін негіз болып табылады.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер
учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану неуәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті
берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер
техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
тармағына сәйкес: көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде
өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
«Жер учаскесінің жалдау
мерзімін ұзарту» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
лалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші).
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет- ресурсында; 2) порталда орналастырылған.
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21366 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді,қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);
3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады); порталға:
1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер кадастрлық жоспар);
3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың электрондық көшірмесі (шарт туралы ақпарат біріңғай мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда ұсынылады).
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінде және 2,2 тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.