
Қаражота ауылдық округіндегі 1282 ауланың 1200- і сумен қамтамасыз етілген, бұл 96,7% құрайды. Ауыл ішіндегі орталықтандырылған су жүйелерінің ұзындығы 13,00 км құрайды, оның 13,00 км жұмыс істеп тұр. Қаражота, Сарыбұлақ, Ақтоған ауылдарында тұрғындар жер асты суын қолданады.
Қаражота ауылдық округі 100% электр қуатымен толық қамтамасыз етілген. Электр сымдарының ұзындығы Қаражота ауылы 26 шақырым, Сарыбұлақ ауылы 14 шақырым, Ақтоған ауылы 8 шақырым, оның 80 пайызы тозған. Қаражота ауылдық округі бойынша барлығы 48 шақырымды құрайтын электр сымдары тартылған.