Меню

Страницы

Статья

«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметіне қатысты шағымды қарастырды.

Бақылау іс шараларын жүргізу нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысында негізсіз бас тарту фактілерін анықтау және құқықтарды қалпына келтіру

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынатын «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметіне қатысты шағымды қарастырды.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен бекітілген «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларына» сәйкес көрсетіледі.
Ереженiң 47-тармағына сәйкес жеке көмекшiнiң қызметiне ақы төлеудi жергiлiктi атқарушы органдар кепiлдiк берiлген сома шегiнде жүргiзедi. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдардың немесе өзге де заңды тұлғалардың қаражаты есебінен кепілдік берілген сомадан тыс міндетті әлеуметтік аударымдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей есептеледі және аударылады.
Осыған байланысты, Департамент тарапынан Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне орындалуы міндетті ұсыныс хат жолдап, өтініш иесіне жәрдемақы тағайындалды, осылайша өтініш иесінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Дата публикации
02 декабря 2024
Дата обновления
02 декабря 2024
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

Ақпарат
08 января 2026
2026 жылғы Қаратұрық ауылдық округі әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ
Ақпарат
21 февраля 2025
“Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату” мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының инфографикасы.
Ақпарат
17 декабря 2024
ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы