Меню

Страницы

Статья

26 маусым- бүкіл әлем есірткіні теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күні

26 маусым- бүкіл әлем есірткіні теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күнін атап өтуде.

Халықаралық күн 1987 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының өз қызметін күшейтуге және нашақорлықсыз әлемдік қоғам құруға деген шешімінің көрінісі ретінде құрылды.

Бұл күн қоғамның назарын нашақорлықтың жаһандық проблемасына, оның салдары мен оны жеңуге бағытталған күш-жігерге аударуға арналған.

Hашақорлық әлемді алаңдатып отырған өзекті мәселенің бірі. Есті алатын есірткі заттарына тәуелділік талай жанның тағдырын талқан еткенін тәжірибеден көріп, біліп жүрміз. Өкініштісі, нашаға әуестенген бір адамның зауалы бүкіл отбасына, жақындарына теріс әсер етеді.

Нашақорлық және олардың заңсыз айналымы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына үлкен әсер етеді. Халықаралық есірткіні теріс пайдаланумен күрес  күні оны шешу үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігін еске салады.

Нашақорлықтың салдарынан тек қана ішкі дүние мүшелері зақымданып қоймайды, сонымен қатар: жүрек, жүрек тамырлары, жүйке, асқорыту, эндокриндік жүйелер де зақымдалады. Нашақорлық жұқпасы ауру іспетті, бірақ онымен көбінесе өз еркімен ауырады. Нашақор адам 1 жылда кем дегенде 5 адамды осы әрекетке тартып, ауруын жұқтырады. Есірткі заттарын әуелі қызығушылық үшін қолданатындар көп. Бұған ғаламтордағы ақпараттың ашықтығы, топтық психология, еліктеушіліктің ықпалы орасан зор. Шындығында есірткіні үнемі, тұрақты түрде қолдану көп қаржыны қажет етеді. Қолында қаражаты жоқтардың алдымен өз отбасындағы жарамды, құнды заттарды саудалап, кейіннен қылмысқа баруы жиі кездеседі. Яғни, бір қылмыс екінші қылмысты тудырады. Қылмыстық кодексте есірткі заттарын қолданып, сатып, тасымалдаушыларға жаза ауыр.

Есірткі заттарын тасымалдап, жеткізіп берген жастар «ешкімге зиянымыз жоқ, нашақорлар бәрібір өзіне керегін тауып алады, ендеше неге жазалануымыз керек» деп қате ойлайды. Жалпы, заңды білмеу жазадан құтқармайды.

Статистикаға сәйкес соңғы бес жылда есірткіге тәуелді пациенттердің саны азайды. 2022 жылы есірткіні қолданған 17 085 пациент динамикалық бақылауда болды. Бүгінгі таңда 18 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда.

Денсаулық - зор байлық дегендей өмірің жарқын, болашағын зор болсын десең, еліннің қадірлі азаматы болам десең денсаулығыңды сақтаған жөн.

 

Дата публикации
27 июня 2024
Дата обновления
27 июня 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
08 января 2026
2026 жылғы Қаратұрық ауылдық округі әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ
Ақпарат
21 февраля 2025
“Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату” мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының инфографикасы.
Ақпарат
17 декабря 2024
ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы