“Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату” мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсес арқылы.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) жер учаскесінің кадастрлық құны актісінің көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Толық ақпаратты Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. ⤵️⤵️⤵️