"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері: мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге кеңсесі немесе портал арқылы мыналарды жолдайды: көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін); порталға жүгінген жағдайда: мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 13 (он үш) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: арнайы есепке алу туралы хабарлама немеме мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. Толық ақпаратты Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен – жайымыз: Ащысай ауылы, Жібек жолы көшесі № 56А Анықтамалық байланыс телефоны: 8 (72776) 7-33-49 "Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ