"Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату"
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары): 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz
3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: тегін.
7. Жұмыс кестесі: 1)көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz;
2) порталда.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге:
1) жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін жеке меншікке сатуға арналған өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық установстігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады:
Ащысай ауылы, Жібек жолы көшесі №56 А, "Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, тел: 8(72776) 7 33 49
Г.АБДРАСИЛОВА, Қаратұрық әкімі аппаратының бас маманы