2023 жылғы 30 тамызда Конституция күніне орай Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округінің Лавар ауылында модульдік амбулатория мен Work Out және балалар алаңының салтанатты ашылуы өтіп, халықтың игілігіне берілді.
Салтанатты ашылуға аудандық аурухана басшысының орынбасары Гүлжан Асқарбайқызы Макеева, Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Айбек Қасымханұлы Илебаев, ауыл ақсақалдары және құрметті қонақтар қатысты.
Іс-шара соңында ауыл ақсақалдары жылы лебіздерін білдірді.