Меню

Страницы

Статья

«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері жөніндегі қызметі туралы есебі.

«Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері жөніндегі қызметі туралы есебі.

 

          «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша негізгі бағыттары:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;

- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;

-   мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

- көрсетілген қызметті алушылардың құқықтарының, заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдау.

2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер: Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппаратында 2022 жылы  6 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
  3. Сауда–саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  4. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату
  6. Жер учаскесінің пайдалану құқығын жаңа мерзімге беру

              Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері 1 маманның функионалдық міндеттеріне еңгізілген, өкіммен бекітілген және Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің ресми сайтында аталған маманның байланыс телефоны,  қабылдайтын күндері көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ішкі бақылауды жүргізу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі бақылау жасау бойынша есепті және ақпаратты (деректерді) жинақтауға және аудан әкімі аппаратына жолдауға 2021 жылдың қыркүйек айынан округ әкімі орынбасары Б.Сокуровқа ауылдық округ әкімінің өкімімен жүктелген, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы  Г. Кабуловаға өкіммен жүктелген .

         2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы – 867, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тегін көрсетілгені – 867, ақылы негізіндегі көрсетілгені – жоқ, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 29                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларының саны – 5.

     Округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы халықты ақпараттандыру үшін 1 стенд бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттарға қол жеткізу көздері мен орындары: Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратындағы көрнекті ақпарат құралдары ілінген. Әкім аппараты мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің квалификациясын көтеру және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында іс-шаралар өткізілді, бүл жүйелі түрде аппаратта мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидаларын түсіндіру отырыстары, акциялар, семинарлар, ашық есік күндері т.б (130 хаттама), біліктілігін көтеру курсынан 1 маман өтті. Есепті кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетуде жіберген кемшіліктері үшін жауапқа тартылған мамандар болған жоқ.

           Қаратұрық ауылдық округінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында жеке кабинет дайындалды. Сол кабинетте электрондық үкімет порталына жүгіну мүмкіндігі бар «өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» жасалынып, жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Балаларға арналған бұрыш, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шақыру түймесі, көліктеріне тұрақ, жайлы орындықтар, суға арналған диспенсер және қызмет алушылар ақпарат алу үшін телевизор бар. Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары халықты электрондық мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына үйрету жөніндегі жұмысты тұрақты түрде жүргізеді,            халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібі бойынша ауылдық округінің сауда орталықтарында, мемлекеттік жалпы білім беру және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде акциялар ұйымдастыруда.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 мая 2023
Дата обновления
05 мая 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
08 января 2026
2026 жылғы Қаратұрық ауылдық округі әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ
Ақпарат
21 февраля 2025
“Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату” мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының инфографикасы.
Ақпарат
17 декабря 2024
ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы