Меню

Страницы

Статья

Восстановление удостоверения личности при утере и краже

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі-азаматтарға 16 жастан бастап және республика аумағында беріледі. Оның аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының жеке куәлігі болуға тиіс. Ол 1994 жылы КСРО Ішкі төлқұжатының орнына енгізілді.

Осы мақала жеке куәлік  жоғалған немесе ол ұрланған жағдайда қандай шараларды қолдану қажет екендігін ойға салады.

Ең алдымен  сіз Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес (492 бап Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру), Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен үш айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша  тіркеусіз тұруы   – ескерту жасауға, үш айдан астам мерзімде – 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы  білуіңіз қажет.

«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған  немесе ұрланған жағдайда жаңа құжаттарды алу үшін  тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорация» КЕАҚ (ХҚКО) жүгінеді. Алдын ала мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Бірыңғай Call-орталығына 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалып, ұсынуға қажетті құжаттар тізбесін білуге болады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлікті жоғалтқан кезде қалпына келтіруге арналған құжаттар пакеті:

  1. Жеке куәлікті  жоғалту мән-жайларын көрсете отырып, оны қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш.
  2. Мемлекеттік баж төленгені туралы құжат   (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады).
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса).

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлікті ұрланған кезде қалпына келтіруге арналған құжаттар пакеті:

  1. Құжатты ұрлау немесе ұрлау туралы арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органының (аудандық полиция бөлімі) талон-хабарламасы.
  2. Мемлекеттік баж төленгені туралы құжат   (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады).
  3. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса).

Жеке куәлікті беру 15 жұмыс күн алады, бірақ азаматтың қалауы бойынша қызмет жедел көрсетілуі мүмкін: Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 1 және 3 жұмыс күн, облыс орталықтарында 3 және 5 жұмыс күн, облыстардың аудандары мен қалалары үшін 7 жұмыс күн мерзімінде.

Егер сіз  жеке куәлікпен бірге жүргізушінің куәлігін жоғалтсаңыз, «Жүргізуші куәлігін жоғалтуына, қолданыс мерзімі өтіп кетуіне немесе тегін ауыстыруына байланысты қалпына келтіру »  атты мақалада оларды қалпына келтіру тәртібі туралы біле аласыз. 

Поделиться…
Дата публикации
17 апреля 2023
Дата обновления
17 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
08 января 2026
2026 жылғы Қаратұрық ауылдық округі әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ
Ақпарат
21 февраля 2025
“Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату” мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының инфографикасы.
Ақпарат
17 декабря 2024
ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы