2023 жылға Қаратұрық ауылдық округі халқының жалпы саны 14505 адамды құрайды, округте 6 елді мекен бар. Округтің су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 36,9 км құрайды, 5 елді мекен сумен қамтамасыз етілген.
Электр желілерінің жалпы ұзындығы-78,5 км, 29 трансформаторлық қондырғы бар, оның ішінде: Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының теңгерімінде - 3, 26- трансформатор АЖК меншігінде.
Қаратұрық ауылдық округі бойынша 630 дана көше шамдары бар. "Amanat Group" ЖШС 154 дана көше шамдарын орнатқан. 2022 жылы округтің 6 елді мекенінде ішкі көшелерді жарықтандыру бойынша 480 дана электр бағаналары, көше шамдары орнатылды. Бұл жұмыстарды "SMART электромонтаж" ЖШС жүргізді. Аудандық бюджет қаражатынан бөлінген 86 млн 237 мың теңге сомасына жұмыс атқарылды.