Ауыл аманаты бағдарламасы бойынша «Ауыл ел-аманаты» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында «Әділетті мемлекет, бір тұтас ұлт, берекелі қоғам» ауыл халқының тұрмыс деңгейін әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, жақсартуды тапсырған болатын.
Жобаның басты мақсаты:
Осы жоба орындалған жағдайда күтілетін нәтиже:
Осыған орай, жобаға қатысатын аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен округ әкімдерін және жауапты мекеме басшыларын Жамбыл облысына тәжірибе алмасуға жіберу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Ауыл аманаты бағдарламасы бойынша облыс әкімінің 13 қазан 2022 жылы № 327 қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес, жобаға Еңбекшіқазақ (Қаратұрық, Шелек, Масақ, Сөгеті ауылдық округтері), Райымбек (Жамбыл, Текес, Қақпақ, Тегістік ауылдық округтері), Балқаш (Береке, Қарой, Жиделі, Бақбақты ауылдық округтері), Кеген (Қарқара, Кеген, Тасашы, Қарабұлақ ауылдық округтері) аудандарынан 16 ауылдық округ таңдалып алынды.
2023-2025 жылдарға арналған ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін ауыл халқына микрокредиттер беру бойынша бөлінген сома 4 340 774,0 мың тг.:
2023 жыл – 2 340 000,0 мың тг.
2024 жыл – 1 346 227,0 мың тг.
2025 жыл – 660 547,0 мың тг.
Кредит шарттары бойынша жылдық пайыздық мөлшерлемесі - 2,5%. Қаржыландырудың ең ұзақ мерзімі - 5 жыл. Қаржыландырудың ең аз мерзімі-12 ай. Несиені төлеу бойынша икемді өтеу кестесі (гибкий график) қарастырылған «ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, жылына бір рет».
Несиелеудің негізгі бағыттары:
«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын орындау мақсатында жұмыс алгоритмі әзірленді.