Меню

Страницы

Статья

"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 


Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
egov.kz "электрондық үкіметтің"веб-порталы
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: бірінші кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстар бойынша қызметтерді таңдаудың және төлеудің түпкілікті актісін келіскен жағдайда – кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару-18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың) құнымен айқындалады. 28-параграфқа сәйкес мөлшерде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен бекітілген(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген).
Мемлекеттік қызмет құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі-ЭҮТШ) арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарын дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің орналасу схемасының электрондық көшірмесі.
Екінші кезең: түпкілікті келісілген таңдау актісі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) деректердің (мәліметтердің) анық установстігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабы 2-бөлігінде және, 2-1-тармақтарда белгіленген;
3) кодекстің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға келісуші органдардың теріс жауабы.

Басқа да толық мәліметтерді Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппаратынан алуға болады. Біздің мекен-жайымыз: Ащысай ауылы, Жібек жолы көшесі №56А,

тел: 8 (72776) 7 33 49

 


Г. КАБУЛОВА  Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Дата публикации
23 февраля 2023
Дата обновления
23 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
08 января 2026
2026 жылғы Қаратұрық ауылдық округі әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ
Ақпарат
21 февраля 2025
“Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату” мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының инфографикасы.
Ақпарат
17 декабря 2024
ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы