"Жер учаскесін алуға кезекке қою"
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары): 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 12 (он екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: тегін.
Жұмыс кестесі: портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;
3) порталда.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) нысан бойынша жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесін алуға кезекке қоюға өтініш.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық установстігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он бірінші және он екінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Ащысай ауылы, Жібек жолы көшесі №56 А," Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты " ММ, тел: 8(72776) 7 33 49
Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г. КАБУЛОВА,