Меню

Страницы

Статья

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"

 

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары): 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау (объектілерді салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын беру – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім шығару – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: тегін.
Жұмыс кестесі: портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;
3) порталда.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: бірінші кезең:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жер учаскесіне құқық алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).
Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық установстігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің 24-баптың 6-тармағының екінші бөлігінде, 49-2-баптың 6-тармағының екінші бөлігінде, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 


Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласуға болады: Ащысай ауылы, Жібек жолы көшесі №56 А," Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты " ММ, тел: 8(72776) 7 33 49

Г. КАБУЛОВА, Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Дата публикации
07 января 2023
Дата обновления
07 января 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
08 января 2026
2026 жылғы Қаратұрық ауылдық округі әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ
Ақпарат
21 февраля 2025
“Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату” мемлекеттік қызметін көрсету қағидасының инфографикасы.
Ақпарат
17 декабря 2024
ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы