
Қаратұрық ауылдық округінде 101 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелсе, оның 97 жұмыс жасап 212 адамды жұмыспен қамтуда. "Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында жұмысқа орналасқан азаматтар саны - 163.
Округ аумағында 56 азық-түлік, тұрмыс заттары дүкендері, 3 құрылыс дүкені, 4 сұлулық салоны, 3 көлік жөндеу орны, 1 сплитерлік кірпіш шығаратын кәсіпорын орналасып, осы нысандарда 38 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар 18 ауылшаруашылық жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 300 жуық адам тұрақты және маусымдық жұмыс істейді. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында бизнес ашуға 50 жеке кәсіпкердің құжаттары тапсырып, 6 жеке кәсіпкер жалпы 41 млн 450 мың теңге көлемінде 2,5%-бен несие алды.