Меню

Страницы

Статья

Еңбекшіқазақ ауданы «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есебі

Еңбекшіқазақ ауданының «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есебі

  1. Жалпы ережелер

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

Еңбекшіқазақ ауданының «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде (бұдан әрі – Есеп) жергілікті атқарушы орган көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

«Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  3. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»;
  4. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
  5. «Жер учаскесін алуға кезекке қою».
  6. «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту».

Барлығы 358 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: "электрондық үкімет" порталы арқылы - 331 қызмет, қағаз нысанда кеңсе арқылы - 27 қызмет.

"Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" – 160, оның 23 қызметі екінші этаппен көрсетілген, олардың ішінде жеке тұлғалардан – 16, заңды тұлғалардан – 7.

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" - 0.

"Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" - 27, оның ішінде жеке тұлғалардан – 27, заңды тұлғалардан – 0.

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" -8, оның ішінде 3-не  нысаналы мақсатын өзгертуге шешім берілді.

"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" – 1 этаппен 5 өтініш түсті.

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" – 158 өтініш тіркелген.

Ауылдық әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсетудің «E-gov» бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2005 электрондық қызмет көрсетілді.

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

"ЭЦҚ қашықтықтан алу","Мобильді азаматтар базасында тіркеу", "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу", "Соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру", "Тұрғылықты жері бойынша тіркеу", "ЭЦҚ қайта шығару", "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру", "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру".

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органның стендінен алуға болады. Округ әкімінің Instagram парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша.

 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Жария талқылау үшін мемлекеттік органның қызметі туралы есептер сайтта жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» Заңына сәйкес халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылы «Instagram», «Қаракемер ауылдық округінің әкімдігі» ресми парақшасында: мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары туралы 41 мақала жарияланды: «Елді мекен шегінде құрылыс объектісін салу үшін жер учаскесін беру», «Мемлекеттік меншікте орналасқан жер учаскелеріне құқықтарды конкурссыз (аукционсыз) алу», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру», «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» және де 4 мақала «Еңбекшіқазақ» газетінде жарияланды.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ, арыз-шағым түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сапаны жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру (ақпараттық стенділерді жаңарту), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету және электрондық қызметтер алуды танымал ету (материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау) жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Барлық сұрақтар бойынша байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады: 8(72775)49016.

 

Дата публикации
11 марта 2026
Дата обновления
11 марта 2026
Тип

Сейчас читают

04 августа 2026
"Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
01 апреля 2026
"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
11 марта 2026
Еңбекшіқазақ ауданы «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы