Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті www.egov.kz порталы арқылы кез-келегн Қазақстан азаматы ала алады. Сонымен қатар, аталған қызметті «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «өзіне–өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы тапсырса болады. Ол үшін өтініш беретін азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасы /ЭЦҚ/ болуы тиіс. ЭЦҚ болмаған жағдайда «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлері жасап бере алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Толығырақ ақпаратты «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алуға болады.
Мекенжайымыз: Қаракемер ауылы, Тастанбеков көшесі, № 6
Тел.: 87277549016